Басты бет / Іс-шаралар

Іс-шаралар

2025 жылдың 1 наурыз күні Достық көшесі 13 мекенжайда орналасқан Техникалық және көркем шығармашылық орталығының “Білім парк” филиалында «ROBOARENA–2025» атты қалалық жалпы білім беру мекемелерінің оқушылары арасында робототехникадан жарыс өткізілді. Республикалық маңызы бар Конкурстар тізбесіне енген бұл қалалық жарысқа  жалпы  білім беретін 42 мекемеден  84 команда, 84 талапкер өтініш беріп жарыс додасына түсті.

  • «ROBOARENA–2025» қалалық жарыс биыл Техникалық шығармашылық орталығының 20 жылдық мерейтойына арналған «Жиырма жылға – жиырма игі іс» жоспары негізінде өткізілді.

Жарыс қорытындыланып жеңімпаздар анықталды:

«Сызық бойымен жүру» категориясы бойынша:

І орын – Қасымбек Салауат, Ерсайын Ерназар, «Skillset» мектебі. Рахметов Нұрболат Зарқұмұлы.

ІІ орын – Қанатбекқызы Айнара, Айымғазы Алихан, №8 МЛ, Жет. Қасыманқызы Балжанар.

ІІ орын – Шалабаев Тимур, Садухас Арлан, «Mileston schools. Жет.: Ерланұлы Арлан.

ІІІ орын – Алтай Данияр, Перепелица Григорий, Нәзір Төреқұлов атындағы №35 МЛ. Жет. Қазымбек Абай Қуанышбайұлы.

ІІІ орын – Құрбан Рамазан, Асхат Дарын. №34 орта мектебі,  Жет. Сұлтан Нүркен Асхатұлы.

ІІІ орын –  Мыңтөре Бейбарыс, Бақытжанұлы Арлан. Кәрім Мыңбаев атындағы №59 МЛ. Жет. Алиева Жазира Жайлауовна.

ІІІ орын –  Бозбалиев Алдияр, Бозбалиев Мадияр. №71 мектеп-лицей, Жет.: Есетова Ботагоз Бейбутовна.

«Лабиринт» категориясы бойынша:

І орын –  Утубаев Алдияр. №105 ОМ. Жет. Толқын Жақсылық.

ІІ орын –  Тажин Асыл, Зейнулла Абай. «Skillset» мектебі, Жет. Смаилов Руслан Алтаевич.

ІІ орын –  Өмірбек Арсен, Міржақып Дулатов атындағы №68 МГ, Жет. Толқын Жақсылық.

ІІІ орын – Тлеубердинов Нариман, Мейранбек Ақжүрек. Абай Құнанбайұлы атындағы №87 МГ. Жет. Тлеубаева Зауре Кабатаевна

ІІІ орын  – Махан Али, Казбек Нұрдаулет. №42 ОМ. Жетекшісі: Омарова Айнур Калдыбековна.

«Робогеометрия» категориясы бойынша жеңімпаздар:

І орын – Қажымұрат Айшайым, Ақтау Аяулым. «Skillset»  мектебі, Жетекшісі: Смаилов Руслан Алтаевич.

ІІ орын – Азатбек Олжас, Елтай Елжас. №71 МЛ. Жет. Сәлімжан Елпат.

ІІ орын  – Тулеген Әділет. №105 ОМ. Толқын Жақсылық.

ІІІ орын – Абильдин Мадияр, Шәріп Мағжан, Нәзір Төреқұлов атындағы №35 МЛ. Жет. Қазымбек Абай Қуанышбайұлы.

ІІІ орын – Уалихан Нұрсұлтан, Маханов Алдияр. №8 МЛ.  Жетекшісі: Серікқан Арнагүл.

ІІІ орын – Жаңбырбай Мейіржан, Темірбек Батырхан. Ж.Жабаев атындағы №4 мектеп гимназия.  Жет. Омаров Мақсат Манарбекұлы.

«RGT RoboBasketball»  категориясы бойынша:

І орын – Булатхан Искандер, Крамаренко Иван. «Mileston schools. Жет.: Зейнулла Абай Ермекұлы.

ІІ орын –Жақып Мансур, Махмудов Досымжан, Қайым Мұхамедханов атындағы № 90 МГ, Жетекшісі: Дүйсек Бексұлтан Ерғалиұлы.

ІІ орын – Серікбаев Алмас, Рахманов Нұрымжан. Ілияс Есенберлин атындағы №67 МЛ. Жет. Орынбай Сабыржан Талғатұлы.

ІІІ орын – Нұрғали Ерасыл, Шираз Нұрлыжан, Нәзір Төреқұлов атындағы №35 МЛ. Жет. Тойғанбай Әнел Ғалиқызы.

2025 жылғы 18 наурызда сағат 14.00-де Астана қаласы әкімдігінің «Білім басқармасы» ММ, «Техникалық және көркем шығармашылық орталығы» ШЖҚ МКК ұйымдастыруымен ұлттық би өнерін жаңғырту, көпшілікке арналған ауқымды қойылым арқылы Наурыз мерекесі қарсаңында ұлттық құндылықты нығайту мақсатында «QAZAQSTAN» жеңіл атлетика спорт кешенінде “Қамажай” халық биін орындай отырып, ауқымды хореографиялық қойылым – флешмоб өткізілді.

Ерекше атап өтер жайт – бұл ауқымды қойылымда Астана қаласының мектептерінен жиналған 3000 қыз өз өнерін ортаға салды!

Іс-шараның мақсаты: Көпшілікке арналған қойылым арқылы Наурыздың рухын сезіндіру, халықтың мейрамға деген қызығушылығын арттыру. Қазақстанда бұрын-соңды болмаған ауқымды Қамажай биінен Рекордтық қойылым жасау.  Ашылу салтанатына ұлттық киім күніне қазақ ұлттық киімдерінен Дефиле сән үлгісі көрсетілді. 

Жайлы, мерекелік көңіл-күй сыйлайтын диктордың дауысымен Наурыз мерекесі, ұлттық киім күні, Қамажай биі жөнінде көрерменді рухтандыратын кіріспе сөз айтылды.

Сахна төрінде Наурыз мерекесі аясында ұлтымыздың қазақ би өнерінің інжу-маржаны – «Қамажай» биі орындалды.

Бұл – шаттық пен қуаныштың, сұлулық пен нәзіктіктің биі! Қазақ қыздарының биязы да нәзік қимылдарымен өрнектелетін «Қамажай» – халқымыздың би өнеріндегі ең жарқын жауһарлардың бірі.

Қойылым соңында Көрермендер қошемет көрсетт. Көрермендер орнынан тұрып, қызыл, жасыл киімдерімен жауқазын бейнесін бейнеледі.

Осы әсем көрініс арқылы біз ұлттық би өнерінің құдіретін, қазақ мәдениетінің шексіз сұлулығын бүкіл әлемге паш етіп, би өнерін тамашаладық!

2025 жылғы 20 наурыз күні №111 мектепте Наурыз мейрамына арналған  вице-министрдің және   300 оқушының қатысуымен  Республикалық “Күй күмбірі” атты домбырашылар челленджі өтті. Бұл челленджде оқушылар  “Келіншек,” Ерке сылқым”, Балбырауын” күйлерін бір уақытта ойнады. Біздің “Техникалық және көркем шығармашылық орталығынан”

2 ансамбль қатысып,өнерлерін көрсетті. “Жас қанат”  және “Шабыт” ансамблі. Жетекшісі Айткул Сейткереевна.  Ұйымдастырушы: Білім басқармасы.

2023 жылғы 29 қараша  күні «Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы» ММ және  ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Астана қаласы бойынша департаментімен бірлесе отырып Астана қаласы әкімдігінің Техникалық шығармашылық орталығы және Қ.Кемеңгерұлы атындағы №49 мектеп-гимназия ұжымымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қоғамдық сананы қалыптастыру» тақырыбында семинар өткізді.

Семинарды заң ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Алауханов Есберген Оразұлы, ІІМ отставкадағы генерал майор Нұрахметов Сағатбек Төлеубайұлы, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу ақпараттық – ағартушылық пул спикері Абишев Жомарт Сүлейменұлы жүргізді.

Семинар барысында Техникалық шығармашылық орталығының директоры Чарахметов Канагат Маратұлы коррупцияны түп тамырымен жою мақсатында бірге күрес жолында ең алдымен әр істе заң аясында жұмыс жасап, әр адам сананы түзетсе ғана қол жеткізуге болатынын көпшілікке мәлім етті.

Семинарда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мемлекеттік саясат, сондай-ақ қазіргі қоғамдағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру және онымен күресу мәселелері талқыланды.

2023 жылғы 23 қарашада сағат 15.00-де ардагерлер кеңесінің бірінші отырысы өтті!

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты жаңғырту және дамыту жөніндегі кешенді шешімдерді әзірлеу кезінде кеңес беру, білім беру қызметін жетілдіру мәселелері бойынша ұсынымдар енгізу үшін Техникалық шығармашылық орталығы жанынан Ардагерлер кеңесі құрылып,  2023 жылдың 23 қараша күні сағат 15.00 де Ардагерлер кеңесінің алғашқы отырысы өтті.

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Алтынбаева Эльмира Букенбаевна “Техникалық шығармашылық орталығы” жанындағы Ардагерлер кеңесінің құрамына Ардагерлер кеңесі туралы Ереже таныстырып, болашақта жұмыс барысында қолдану міндеттелді.

Техникалық шығармашылық орталығы директоры Чарахметов Канагат Маратович Ардагерлер кеңесі құрамына бағыт бағдар беріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

Байланыс ақпараты